RU
Ақтау полициясы 15 жасында отау құрған жұбайларға қатысты видеоны зерттеп жатыр

Ақтау полициясы 15 жасында отау құрған жұбайларға қатысты видеоны зерттеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтау полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімі жасөспірімдердің үйлену тойынан түсірілген бейнематериалды зерттеп жатыр. Ақпарат қалалық әкімдікке беріледі деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция қазіргі таңда роликте көрсетілген қыз бен жігіт туралы ақпараттардың анықталып жатқанын айтты.

Құзырлы орган алынған мәліметті ары қарай шара қолдану үшін қала әкімдігіне жібереді.

Құқық қорғау органдары жас жұбайларды есепке қоюы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Басылым редакциясы жағдайды нақтылау үшін әкімдікке жүгінді. Мекемеде жұбайлар кәмелет жасқа толмағандықтан, олардың некесі заңды түрде тіркелмегенін айтты.

Естеріңізге салсақ, 15 жастағы жігіт пен қыздың үйлену тойы Қазнетті шулатқан болатын.

Отандық танымал журналист Гүлмира Әбіқай желіде шу тудырған ақтаулық жас жұбайларға қатысты пікір білдірген еді.

Сіздің реакцияңыз
10
3
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel