Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең тиімді ипотекалық бағдарлама – "7-20-25" жайлы не білеміз?

Опубликовано:

2018 жылғы 31 мамырда ҚР Ұлттық банкі "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы қаулы қабылдады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ сіздерге "7-20-25" бағдарламасы жайлы кеңірек мәліметтер ұсынады.

Көрнекі сурте: pixabay.com
Көрнекі сурте: pixabay.com: Facebook

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылдың 30 тамыздағы жағдай бойынша 198 млрд теңгеге 17 532 өтініш қабылданды. Оның ішінде жалпы сомасы 118 млрд теңгеге 10 306 өтініш мақұлданған.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы не білеміз?

Бағдарлама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде айтылған "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді.

"7-20-25" – әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Бағдарлама елімізде тұңғыш рет құрылыс салушының тек бастапқы нарығына есептелген тұрғын үйлерді қарастырады, және оны бағдарлама қатысушысы өзі таңдай алады.

Бағдарламаның операторы – "Баспана" ипотекалық ұйымы" акционрелік қоры.

"7-20-25" бағдарламасының тиімділігі неде?

"7-20-25" қазіргі уақытта ең тиімді ипотекалық бағдарлама болып табылады. Оның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді. Қарызды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды.

Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды.

Сондай-ақ, қарыз алушының кепіл мүлігі мен өмірін сақтандыру мiндеттi емес. Ал сақтандыру қажет болған жағдайда, барлық шығындарды қарыз берген банктің өзі көтеруі тиіс.

Айта кетерлігі, қолданыстағы ипотекалық несие өнімдерінің ешқайсысы бұндай несие шарттарына ие болған емес.

7-20-25 бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

"7-20-25" бағдарламасы аясында несие алушылар "Баспана" ипотекалық ұйымымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Банк-серіктестерге жүгінеді. Олар: "Банк ЦентрКредит", "Еуразиялық банк", "АТФБанк", "Цеснабанк", "Банк RBK" және "Қазақстан Халық банкі".

Жеке тұлға "7-20-25" бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2. Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы;

3. Расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

4. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы.

Ипотекалық тұрғын үй қарызын қалай алуға болады?

Қарыз алушы бастапқы нарықта сатып алғысы келетін тұрғын үйді (үй/ пәтер) табады, оны тағайындайды (тағайындау шарттары нақты құрылыс салушылармен белгіленеді). Айта кетейік, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құны – 25 млн теңге. Ал басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге.

Клиент банкке қарыз алу үшін өтініш береді және барлық қажетті құжаттарды ұсынады. Барлық қажетті құжаттарды банкке тапсырғанын және тағайындауды ұзартатынын (қажет болған жағдайда және тағайындауды ұзарту мүмкіндігі болғанда) құрылыс салушыларға хабарлайды.

Банк қарыз алушының барлық құжаттарын Бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексереді және несиені мақұлдайды. Қарыз алушы құрылыс салушыға кепілдеме хат ұсынады. Құрылыс салушы сатып алу-сату шартын жасайды.

Сатып алу-сату шарты нотариуспен кәуландырылады. Сатып алынатын тұрғын үйдің бастапқы жарнасы құрылыс салушы шотына төленеді. Сатып алу-сату шарты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді. Сондан кейін тіркелген шарт банкке беріледі.

Банк пен қарыз алушы қарыз шартына, төлемдер кестесіне, сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шартына қол қояды. Сатып алынған тұрғын үйдің кепіл шарты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ХАҚ-ында немесе нотариус арқылы (EGOV.KZ-те онлайн режимінде) тіркелінеді. Шарт тіркелгеннен кейін, Банк қарыз сомасын құрылыс салушыға аударады.

Аталған әрекеттер орындалғаннан кейін клиент жаңа үйге қоныстанады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша бір жыл ішінде 100 млрд теңге несие берілді

2019 жылғы 4 шілдеде "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі "7-20-25" бағдарламасы бойынша берілген несие көлемі 100 млрд теңгеден асқанын хабарлады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша жалпы құны 101,9 млрд теңге болатын ипотекалық несие мақұлданды. Бұл Қазақстан бойынша 8844 отбасы тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізді деген сөз", – деп мәлімдеді ұйымның баспасөз қызметі.

Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары мәлімдегендей, бұл қазіргі таңда кез келген Қазақстан азаматына жылына 7 пайыз мөлшерлемемен 20 жыл мерзімге пәтер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама болып отыр.

"Баспана" ұйымының хабарлауынша, аталған бағдарлама Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, Қазақстанда берілген барлық несиелердің 51 пайызы алматылықтар мен астаналықтардың үлесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815401-e-tiimdi-ipotekalyk-bagdarlama---7-20-25-zajly-ne-bilemiz/

pixel