RU
19 жастағы "Алматы аруы-2018" тұрмысқа шықты (фото)

19 жастағы "Алматы аруы-2018" тұрмысқа шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

"Алматы аруы-2018" атанған Камилла Қожаханова өмірлік серігін тауып, отбасын құрды. Жұбайлардың үйлену тойы оңтүстік астанадағы элиталық қонақ үйлердің бірінде өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кеш қонақтары салтанатты кештен кадрлармен өздерінің Instagram Stories-де бөліскен. Камилла Қожаханова бұл күні ерекеше сұлу көрінген.

Камилла Қожаханова жұбайымен. Скриншот: Instagram/kamihill

Камилла Қожаханова жұбайымен. Скриншот: Instagram/kamihill

19 жастағы ару той қонақтарының алдына басына оқ орамал жапқан күйі шығып, қызыл кілеммен жүріп өткен.

Той замануи стилде өткенімен қазақтың салт-дәстүрлері сақталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін сұлулық байқауларының үш жеңімпазына сүйіктілері тұрмысқа шығуға ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Олар "Алматы аруы-2017" Сабина Әзімбаева, "Алматы аруы-2018" Альмира Өтегенова және "Алматы аруы-2014" Регина Вандышева.

Айта кетейік, Регина Вандышеваның тойы Италияда дүркіреп өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel