Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"50 мың доллар": Алматыда ең қымбат жер телімдері қай ауданда?

Опубликовано:

Жылжымайтын мүлік нарығының маманы Диляра Сүлейменова Алматыдағы жеке тұрғын-үй құрылысына арналған жер телімдерінің бағаларымен бөлісті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Маманның айтуынша, Алматыда жер телімдерінің бағасы бір соттығына 5-тен 35 мың долларға дейін барады.

"Әрине, бағалар әртүрлі, барлығы нысаналы мақсатына байланысты. Мысалы, "Мирас" ықшам ауданында жер телімінің бағасы бір соттығына 12-ден 35 мың долларға дейін барады. Алайда, Садықов көшесінің бойындағы жері үшін бір соттығына 50 мың доллар сұрайтындар да бар", – деп атап өтті Диляра Сүлейменова.

Оның айтуынша, Науаи көшесімен әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан жер телімдерінің бағасы бір соттығына 10-15 мың долларды құрайды.

"Алатау" ықшам ауданында – 10-12 мың доллар, "Нұрлытау" ықшам ауданында – 8-10 мың доллар, "Асқартау" (Ремизовка) және Бағанашыл ықшам аудандарында – 5-15 мың доллар.

Сондай-ақ Достық даңғылының бойындағы жер телімдерінің бағасы бір соттығына 15-20 мың долларды құрайды. Әуезов ауданында орналасқан жер телімдерін бір соттығына 7-ден 15 мың доллар арасында сатып алуға болады.

Ал Наурызбай ауданында жер телімінің бағасы бір соттығына 5-6 мың долларды құраса, Алатау ауданында 10-15 мың долларға бағаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815417-50-my-dollar-almatyda-e-kymbat-zer-telimderi-kaj-audanda/

pixel