Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент маңында 3 адам жол-көлік апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Түркістан облысында жексенбі күні "Шымкент-Самара" тас жолында жол апаты орын алды. Жантүршігерлік оқиғаның салдарынан Өзбекстанның үш азаматы қайтыс болды деп хабарлайды Podrobno.uz-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Апат салдарынан 2 әйел адам бірден қаза тауып, тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары болды.

Тағы бір адам Ордабасы ауданының ауруханасына жеткізілді. Әзірге оның денсаулығы жайлы ешқандай ақпарат жоқ.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Консулдықтың қызметкерлері Өзбекстанға денелерді тасымалдау мәселесін шешуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815437-symkent-maynda-3-adam-zol-klik-apatynan-kz-zmdy/

pixel