RU
Тоқаев Үндістан мен Швейцариядағы Қазақстан елшілеріне тапсырма берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Үндістан мен Швейцариядағы Қазақстан елшілеріне тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевті қабылдады деп жазады Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Ерлан Әлімбаевпен кездесу аясында мемлекет басшысы Үндістанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ туристік бағыттағы, оның ішінде Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеуге дайындық және басқа да маңызды іс-шаралар аясында өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды.

Әлібек Бақаевпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Швейцариямен саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel