Выйти
RU

Ресейліктер соңғы минуттарда гол соғып, Қазақстан құрамасын жеңіп кетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей құрамасына есе жіберді. Қарсыластар 90-минутта соғылған голдың арқасында жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz

Калининград қаласында Ресей құрамасы Қазақстан футболшыларын қабылдады. Ойынның басынан бастап жерлестеріміз қорғаныста сауатты ойын көрсете білді.

24-минутта ресейліктер Қазақстан құрамасының қорғанысын бұзып өтуге тырысты, алайда, өз мүмкіндіктерін сәтті пайдалана алмады. Қазақстандықтар да қарымта шабуыл ұйымдастырып, қарсылас қақпасын көздеуге тырысты, алайда, шабуыл нәтиже бермеді.

Осылайша, үзіліске дейін есеп ашылмады.

Екінші таймда алаң иелері қонақтарға қысым көрсетті. 90-минутта соғылған голдың арқасында ресейліктер жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз голдың авторы – Марио Фернандес.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейліктер соңғы минуттарда гол соғып, Қазақстан құрамасын жеңіп кетті (видео)