Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда контейнерде оқитын оқушылар басқа ғимаратқа көшетін болды (фото)

Опубликовано:

Қырғызстанда Нарын аудандық Кеңеш ауылындағы контейнер мектепте оқып жүрген оқушылар салқын түскенше басқа ғимаратқа көшіріледі. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, көшірілетін ғимаратты білім беру мақсатында өзгерту үшін ақша бөлінген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі
Фото: Орталық Азия жаңалықтар қызметі: Twitter

Қазір ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал жақын күндері Кеңештен жаңа мектеп құрылысы басталады. Үкімет мәліметіне қарағанда, Кеңеш ауылындағы мектептің екі оқу корпусы бар, оның біреуі апатты жағдайда тұрса, екіншісінде оқушылар білім алуда.

Кеңеш ауылында оқушылардың бір бөлігі салмағы 20 тонналық бес контейнерде білім алып жатыр.

"Мобилді мектептер" көпшілік сынына қалған соң білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева өзі арыз жазып, қызметінен кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815485-kyrgyzstanda-kontejnerde-okityn-okusylar-baska-gimaratka-ksetin-boldy-foto/

pixel