Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кафе қызметкері ішінде 50 мың доллардан аса қаржы бар сөмкені иесіне қайтарып берді

Опубликовано:

Дубайдағы кафелер желісінде Филиппин азаматшасы ішінде 195 мың БАӘ дирхамы (53 мың доллар) мен басқа да құнды заттары бар сөмкені полицияға қайтарып берді. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Қолма-қол ақшадан бөлек, сөмкеде азаматтың чек кітапшасы, 136 мың долларды құрайтын чек сомасы, сондай-ақ, жеке құжаттары болған. Оқиға Dubai Mall сауда орталығында орын алған.

Мейман өзі ұмытқан затты іздеп келмеген соң қызметкер ол жайлы полицияға хабарлапты. Оның сөзінше, полиция бөлімшесінде оған сөмкенің "ресейлік брокерге" тиесілі екенін айтқан екен. Ол сөмкесінің жоқ екенін полиция хабарласпайынша білмеген көрінеді.

Оқиға осы жылдың сәуір айында болыпты. Алайда Дубай полициясы кафе қызметкеріне ресми түрде алғыс білдіреміз деп шешкен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815487-kafe-kyzmetkeri-isinde-50-my-dollardan-asa-karzy-bar-smkeni-iesine-kajtaryp-berdi/

pixel