Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәлем салады": Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық әйелі туралы айтты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жұбаныш Жексеннің ұлы италиялық аруға үйленіп, халықтың сансыз сынына ұшыраған болатын. Бүгінде әке жолын қуып, өнерге бет бұрған ол жұбайының келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін және жұлдызды қайын атасымен қарым-қатынасы жайлы айтып берді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: әлеуметтік желілерден, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: әлеуметтік желілерден, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әбілқайыр Жексеннің айтуынша, италиялық әйелі қазақшаны біршама меңгерген, қазақтың сәлем салу дәстүрін де ұстанады екен.

Әншінің ұлы жат елден келген аруға қазақи тәрбие алған жанұяға сіңісіп кету оңай болмағанын да жасырмады.

"Осылай менің пешенеме жазылған деп ойлаймын. Өйткені, оның алдында қаншама қазақ қыздары болды. Ешқайсымен болмады. Қазақ қызынан да бетер өзін көрсетіп жатыр. Сол себепті мен ешқандай өкінбеймін. Әкемнің артына кір келтірдім деп те айта алмаймын" , - дейді Әбілқайыр.

Өнерлі жігіт жұбайының бүгінде қайын атасымен сырлас болып кеткенін де айтады.

"Екеуі қазір дос болып кеткен. Сырлас екеуі. Аллаға шүкір. Қазір келін қазақша бірталай біліп қалды. Барлығы жақсы. Шайын құйып береді, таңертен сәлем салады. Алла берген бір қызым бар. Кеше ғана бір жасқа толды. Атын атасы қойды. Есімі Ләйлім" , - дейді Әбілқайыр Жексен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815488-slem-salady-zbanys-zeksenni-ly-italialyk-jeli-turaly-ajtty/

pixel