RU
Дима Билан Самарадағы концертінде халық алдына мас күйде шыққанын мойындады (видео)

Дима Билан Самарадағы концертінде халық алдына мас күйде шыққанын мойындады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік әнші Дима Билан Самара тұрғындарынан мас күйде өнер көрсеткені үшін кешірім сұрап, жақын арада қалада ашық концерт өткізуге уәде берді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұдан бұрын Самара тұрғындары жергілікті биліктен мерекеге Биланды шақырғандары үшін кешірім сұрауларын талап етіп, электронды петиция жолдаған болатын.

Петиция авторының айтуынша, әнші орынсыз мінез-құлық танытып, фонограммаға қосыла алмай, вокалдың орнына біртүрлі дауыстар шығарып, әдепсіз қылықтар көрсеткен.

"Достар, сіздерден Самарада өткен концертім үшін үлкен кешірім сұраймын, менен қателік болды. Сахнада мас күйде өнер көрсеттім. Гримеркада, қонақ үйде достарымды кездестіріп, коньяк іштім. Артық ішіп қойдым, есебін білмей қалдым, себебі салауатты өмір салтын ұстанып жүрмін... Ішпегеніме ұзақ уақыт болған, соның кесірі тиді", – дейді Билан Instagram парақшасында жариялаған видео жолдауында.

Ол жақын арада Самарада үлкен ашық концерт өткізетінін айтып, тұрғындардың оны кешіретініне үміттенетінін жеткізді.

Сондай-ақ әнші балаларға арналған алаң салу және ауруханаға балаларды емдеуге қажет аппарат сатып алу үшін қала әкімшілігімен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel