Выйти
RU

"Бос жер қалдырған жоқ": Ресейлік футболшы Қазақстанмен өткен матчтың қиын болғанын мойындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Футболдан Ресей құрамасының қорғаушысы Юрий Жирков 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен өткен матчтың қиынға соққанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Матч өте қиынға соқты, ойын соңында гол соға алғанымыз жақсы болды. Жігіттердің барлығы жарады. Қазақстан қорғаныста өте сауатты ойын көрсетті, бізге бос жер қалдырған жоқ. Сондай-ақ қарсыласымыз допты жақсы тартып ала білді", – деді Ресей құрамасының қорғаушысы журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, күні кеше Калининград қаласында өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Кездесудегі жалғыз голды соңғы минуттарда Марио Фернандес соқты. Алты ойыннан кейін ресейліктер 15 ұпаймен топта екінші орында тұр.

Олар топтың лидері – Белгия құрамасынан үш ұпайға қалып келеді. Ал Қазақстан құрамасы – 7 ұпаймен үшінші орында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бос жер қалдырған жоқ": Ресейлік футболшы Қазақстанмен өткен матчтың қиын болғанын мойындады