RU
11 жыл ата-анасынан рұқсат ала алмаған жігіт көз жұмған сүйіктісіне ақыры үйленді (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

11 жыл ата-анасынан рұқсат ала алмаған жігіт көз жұмған сүйіктісіне ақыры үйленді (фото)

Рассказать Вконтакте

Тайваньдық азамат сүйіктісінің ми өлімі тіркелген сәтте онымен шаңырақ көтерді. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Wang's family/ Lenta

Фото: Wang's family/ Lenta

22 тамыз күні Ван есімді келіншек жол апатына түскен. Оны мотоциклі тыйым салынған жерде бұрылған автокөлікпен соқтығысып қалған. Үш күннен кейін дәрігерлер Ванда ми өлімін тіркегенімен оның өмірі жасанды құрылғымен сақталып тұрған.

Келіншек өзінің ғашағы Линь есімді жігітке тұрмысқа шығуды армандапты. Олар 11 жыл бірге болса да, Ванның ата-анасы рұқсат бермегендіктен шаңырақ көтере алмаған екен. Линь олардың келісімін тек жол апатының алдында алыпты.

Жоспардан тыс той аурухана палатасында өткен. Күйеу жігіт көздері жасқа толған туыстарының көзінше қызыл жейдемен, ақ фатамен жатқан қалыңдыққа жүзік тағады. Содан кейін әйел жасанды өмір сүру құрылғысынан ажыратылады.

Ванның 12 мүшесі, жүрегі мен бауыры, көз қабақтары мен қан жолдары, сондай-ақ, терісі мұқтаж жандарға берілген.

"Бұл басқа адамдардың өмір сүруіне көмектеседі. Осылайша, ол Жерде қалып, балаларының қалай өскенін көретін болады", - дейді марқұмның анасы.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel