Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист әрі продюсер Маржан Сәдуақасова ұзатылды (фото, видео)

Опубликовано:

Тоғызыншы қыркүйек күні танымал отандық журналист Маржан Сәдуақасова ұзатылды. Шоу-бизнес саласында еңбектеніп жүрген БАҚ өкілінің қуанышына көптеген қазақстандық жұлдыздар келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінде журналист арудың ұзату тойынан фото және бейнежазбалар бірден тарап кетті.

Қалыңдықты қонақтар алдына Салтанат Бақаева алып шықса, оны ұзатып, жаңа отбасына тапсыру мәртебесі Мадина Сәдуақасоваға берілген.

Салтанатты кешке Мадина Сәдуақасова, Салтанат Бақаева, Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жаңай, Айдын Жұмахан, Дәулет Бижанов, Ғазизхан Шекербеков, "Жігіттер" квартеті, Тамара Асар мен танымал әзілкештердің келгенін байқауға болады.

Айта кетейік, Маржан Сәдуақасоваға сырға салу рәсімі Алатау бөктерінде өткен.

Отандық жұлдыздар белгілі журналистің ұзату тойынан суреттер мен видеолармен белсенді түрде бөлісуде.

Ұзату тойдың қадірлі қонағы болған Мұхамеджан Тазабеков Instagram парақшасы арқылы қалыңдыққа өзінің ағалық тілегін білдіріп, жантебірентерлік жазба арнаған.

"Жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету"! Маржан қарындасымыз бүгін сол ұлы мұратына жетті, бұйырған Арқа төріне келін болып, ақ орамалмен, ақ ниетті елге аттанды. Бәріміз қуандық. Өзі түгілі әулетіне, қоршаған орта, қолы жеткен қоғамдағы әр шараға сәуле түсіріп, шарапаты тиіп жүрген, тәрбиелі, тұғырлы бойжеткен ғой.
Сол игі ниеті мен жарқын көңілінің, қайырымды қолы мен кең пейілінің қайтарымындай - намысты, нар тұлғалы ер тапты. Келінін келісті, құдасын өрісті ете алатын ел тапты. Алладан берекесін сұраймыз. Алла Тағала ұзағынан сүйіндірсін! Қазақтың әр қызы осындай қуанышқа жетіп, қазақтың әр жігіті Маржандай иманды, үлгілі, пысық, жар тапсын" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815499-belgili-zurnalist-ri-produser-marzan-sduakasova-zatyldy-foto-video/

pixel