RU
Асылхан Төлепов ұлының бір жасқа толуын қалай атап өтті? (фото)

Асылхан Төлепов ұлының бір жасқа толуын қалай атап өтті? (фото)

Рассказать Вконтакте

Кеше қазақстандық актер Асылхан Төлеповтің ұлы Алпамыс бір жасқа толды. Алайда, бұл қуанышты жағдайды кино саласының майталманы өзге жұлдыздар іспетті дүркіретіп тойлауды жөн көрмеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық актер тұңғышының туған күнін тек отбасымен атап өткізгісі келген. Жас ата-ананың мұндай шешім қабылдауының да өз себебі бар. Оны Төлеповтың жары Айсұлу Нарымбекқызы түсіндіріп берді.

"Алпамыстың алғашқы туған күнін өзіміз отырып шәй ішіп тойлауды ұйғардық. Ертең өсіп, ер жеткенде достарын шақырып нағыз шоу-программамен атап өтетін боламыз.
Дәл осы уақытта Алпамыс туды. Өзімен бірге отбасымызға қуаныш, шаттық ала келді. Біздің тұңғышымыз. Тәтті қылықтарыңа тоймай келеміз. Денің сау болсын, Балапаным! Төрт құбылаң тең, әрқашан жолың ақ, маңдайың толған бақ болсын! " , - деп ақ тілегін білдірді анасы.
"Туған күнің құтты болсын, Қошақаным! Бүгін Алпамыс батыр бір жасқа толып жатыр. Денсаулығың мықты болып, ауырмай, бәрімізді тек қуантып жүре бер" - деп Instagram арқылы әкесі де өз құттықтауын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel