RU
"Кинодағыдай": Ем алып жатқан Балжан Бидаш Оңтүстік Кореядағы өмірді баяндады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Кинодағыдай": Ем алып жатқан Балжан Бидаш Оңтүстік Кореядағы өмірді баяндады

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш қазігрі таңда Оңтүстік Кореяда ем алып жатыр. Отандық шоу-бизнес жұлдызы дорамалардың отанындағы өмірді сипаттап, өзге елде тап болған қызықты жағдайларды айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Корей елінен алған әсерімен Балжан Бидаш өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ол өзге мемлекетті біздің Қазақстанмен салыстырып өтті.

"Корей елі қатты ұнап жатыр. Бәрі кинодағыдай. Таза, екі аттасаң дүкендер мен мейрамханалар және төрт аттасаң киім дүкендері. Ал бізде төрт аттасаң сұлулық салондары. Дүкендегі киімдері барлығы әп-әдемі және өте сапалы. Медициналық техникалары одан әрі дамыған!
Тамақтары Қытай еліне қарағанда жеуге ыңғайлы тағам түрлері көп! Адамдарының бәрінің беттері тап-таза! Көшеде бетіне бинт орап кетіп бара жатқан қыз-жігіттерді көресің. Пластикалық операциядан шыққан болуы керек. Біздің қонақ үйден көзіне блефорапластика жасатып шыққан жігітті көрдім, қасында сүйіктісі көмектесіп жүр. Сондай еркін қала" , - деп бастады әнші.

Оған қоса, өнер иесі Кореяның кемшіліктерін де атады. Оның сөзінше, бұл елде такси қымбаттау.

"Таксидың ақшасын қазақстандық карточкамен төлей берсеңіз болады. Әр таксиде аппараттық касса бар. Кейбір таксиде тіпті тегін Wi-fi бар. Көшеден бір ескі машина көрмейсің. Мұнда тек арнайы таксилер, іші жап-жаңа, тап-таза! Тамақтары да арзан емес. Дүкендегі көп болса 200-300 теңгеге алатын йогуртымыз мұнда шамамен 600 теңге тұрады.
Адамдардан ағылшынша немесе логикалық бірдеме сұрасаң түсіне қоймайды. Техникасы дамып кеткен халқының логикасы қайда деп қоямын. Адамдарының жүзі жылы. Түнде қалада жүру қауіпсіз. Вай файдан қысылмайсың. Кез келген жерде интернет бар. Маған ұнауда. Аппарат: Бас құрылысын түсіретін рентген", - деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушылары отандық жұлдыздың бас құрылысын түсіретін рентгенге жүгінгенін аңғарып, оның денсаулығына алаңдаушылық білдірген.

"Ем болсын" , "Тыныштық па? Денсаулығыңыз үшін алаңдаулымыз" , "Мұрнын түзегелі жатқан болар" , - деп болжам жасады олар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel