Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы қорындағы ақшаны қашан алуға болады?

Опубликовано:

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын пайдалана ала ма? Журналистердің бұл сауалына қатысты қаржы министрі Әлихан Смайылов жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Айта кетейік, мемлекет басшысы биылғы жолдауында зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Осыған орай, қаржы министрі президент жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тапсырма бар екенін атап өтті.

"Үкіметке халықтың жекелеген санаттарына зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру туралы тапсырма берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп, тиісті ұсыныстарды әзірлейді. Олар бекітілген мерзімде қажетті ұсыныстарды дайындап, қоғамдық талқылауға шығарады деп ойлаймын", – деді Әлихан Смайылов.

Ол зейнетақы жинағын қордағы шотта ақшасы бар қазақстандықтар ғана ала алатынын жеткізді.

Осы орайда журналистер "келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын пайдалана ала ма" деген сұрақ қойды.

Бұған қатысты министр: "Алдымызда осындай міндет тұр", – деп қысқа қайырды.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың зейнетке шықпай тұрып зейнетақы қорындағы қаржыны қолдану мүмкіндігін іске асыратын бағдарлама ойластыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815549-zejnetaky-koryndagy-aksany-kasan-aluga-bolady/

pixel