Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ішінде кішкентай бала бар көлік өртенді

Опубликовано:

9 қыркүйек күні Қостанай облысы Затобольск ауылындағы сауда орталығының аумағында "Лада-Приора" маркалы көлігі өртеніп кетті. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ТЖД баспасөз қызметі/ Alau.kz
Фото: ТЖД баспасөз қызметі/ Alau.kz: Facebook

Өрт салдарынан екі жасар баланың беті мен қолын екінші дәрежедегі күйік шалған. Оқиға орын алған сәтте ол көліктің ішінде болған.

Зардап шеккен бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техника жұмылдырылды.

Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Жалынның жалпы аумағы жеті шаршы метрді құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815554-kostanaj-audanynda-isinde-kiskentaj-bala-bar-klik-rtedi/

pixel