RU
Шымкентте мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты тың деректер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте мектеп оқушыларының төбелесіне қатысты тың деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында оқушылар арасындағы қақтығысқа қатысты полиция пікір білдірді. Құзырлы органның мәліметінше, мектеп оқушыларының арасындағы жанжал кезінде оқ атылмаған деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазір оқушылар арасындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі жасөспірім қамауға алынған.

Күдіктілерден травматикалық тапанша, пышақ және шолақ мылтық тәркіленген.

Тағы бір 17 жастағы баланың бұл құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полицейлердің хабарлауынша, жасөспірімдер арасындағы бұл қақтығыс кім мықтыны анықтау емес, бір-бірін жақтырмау салдарынан туындаған.

"Оқиға орнына келген патрульдік нарядтар құқық бұзушылықтың жолын кесті. Төбелес кезінде 16 жастағы жасөспірім дене жарақатын алған. Атыс фактілері расталып отырған жоқ.
ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", – деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте мектеп оқушыларының арасында төбелес шығып, бір жеткіншектің жараланғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel