RU
Рок айтып жүріп, хиджаб киіп кеткен әйгілі әншінің қазіргі өмірі қандай?

Рок айтып жүріп, хиджаб киіп кеткен әйгілі әншінің қазіргі өмірі қандай?

Рассказать Вконтакте

Кезінде аты дүркіреп, рок ханшайымы атанып кеткен Шинейд О'Коннор жүйке жүйесінің ауруларына байланысты біраз уақытқа сахнадан алыстап кетті. Халық назарынан тыс қалып, араға бірнеше жыл сала ел алдына шыққан 52 жастағы әнші көпті таңғалдырған деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде әртіс ислам дінін қабылдап, атын Шухада деп өзгертіп тастаған.

Ол араб тілінен аударғанда "азап шегуші әйел" деген мағына береді. Оған қоса, өнер иесі ашық киімдерін хиджабқа алмастырған.

Америкалық ток-шоуға келіп, қазіргі өмірін баяндаған әншіні көпшілік танымай қалған. Шиннейд дін ауыстырған соң, өмірі айтарлықтай жақсы жаққа өзгергенін жеткізді.

"Мен Құранның екінші бөлімін оқығанда өзімнің үйімде екенімді, әрі өмір бойы мұсылман болғанымды ұқтым. Сіз мұсылман бола тұра оны сезбеуіңіз де мүмкін. Себебі, ол жоғарыдан келеді" , - деді рок әнші.

Айта кетейік, Шинейд О'Коннор өмір бойы жүйке жүйесінің ауруларымен күресіп келеді. Әртіс өз-өзіне қол жұмсауға жақын болып, бірнеше мәрте суицид жасамақ болған. Алайда, ислам дініне көшкелі жұлдыз өзін мұндай ойлар мазаламайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
0
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel