RU
Фастфудтан түбегейлі бас тартқан келіншек адам танымастай өзгеріп кетті

Фастфудтан түбегейлі бас тартқан келіншек адам танымастай өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

39 жастағы АҚШ тұрғыны Кэтрин Малкерн фастфудтан бас тартқанына қатты қуанышты. Оған себеп, күйзеліске түсіп кеткен келіншектің бүгінде 63 келіге арықтауы деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Кэтрин бала кезінен дұрыс тамақтанбаған. Италиялық және ирландиялықтың жанұясында өскен ол бір күнін де нан мен пастасыз өтпеген. Ал ата-анасынан бөлек көшкен қыз бірден фастфудқа көшкен.

Жыл өткен сайын Кэтриннің артық салмағы көңіліне қаяу түсіре бастапты. Күйзеліске түскен ол өзін тәттімен алдаған екен. Алайда, уақыт өте дәрігерлер арудың қан қысымы мен қан құрамындағы холестериннің жоғары екенін анықтаған.

Содан бастап Кэтрин өзіне көңіл бөліп, спортзалға бара бастаған. Осылайша, келіншек дұрыс тамақтанып, бес жылдың ішінде 63,5 келі салмақ тастаған.

"Салмақ кете бастағанда қатты таң қалдым. Мен ауырлықпен күрестім. Бірақ, бұл дененің ауырлығы емес, өзімді қалай сезінетінім. Бұл керемет болды", - деді Кэтрин.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel