RU
"Күтіп жатырмыз": Аша Матайдың жұрттан жасырған құпиясын жұбайы ашып қойды

"Күтіп жатырмыз": Аша Матайдың жұрттан жасырған құпиясын жұбайы ашып қойды

Рассказать Вконтакте

Аша Матай мен Арман Қоңыр екінші сәбилерін күтіп жүр. Танымал тележүргізушінің аяғы ауыр екені жайлы ақпарат ресми түрде белгілі болды деп жазады НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ел арасында Аша Матайдың тағы да жүкті екені жайлы қауесетті тележүргізушінің күйеуі растады.

Арман Қоңыр екінші мәрте әке болатынын өзі айтып берді.

"Негізінде ол шындық, күтіп жатырмыз. Аман-есен босанса деген ниеттеміз, құдай қаласа" , - деді ол.

Жұлдызды жұп ұзақ уақыт бойы бұл қуанышты хабарды не себепті құпия сақтағанын да түсіндіріп өтті.

"Әрине, көз тиіп кете ме қорқамыз. Оның үстіне, ол да кішкентай тұлға ғой, біздің танымалдығымыз оған кері әсерін тигізбеуі қажет" , - деп ағынан жарылды Аша Матай.

Арман мен Ашаның өмірін жіті бақылап отыратын белсенді желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың екінші сәбиінің жынысын болжауға да кірісіп кеткен.

Алайда, жұлдызды жанұя әзірге бұл құпиясымен бөліспеуді жөн көрді.

Айта кетейік, бұған дейін желідегілердің Аша Матайды екінші сәбиіне аяғы ауыр деп болжағанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
2
4
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel