Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өздігінен жүріп кеткен көлікті тоқтатқан желаяқ желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Желден жүйрік қытайлық Лю Вэнчжун жүргізушісіз кетіп бара жатқан жүк көлігін тоқтатты деп жазады 120.su-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Анықталғандай өзінің шаруасымен кетіп бара жатқан желаяқ азамат жолда теңселіп жүрген жүргізушісі жоқ жүк көлігін көріп қалады.

Лю өзі жүріп бара жатқан көліктің қауіпті екенін түсініп, оның артынан жүгіреді, тіпті жетіп алады. Батыл ер адам кабинаға мініп, жүк көлігін тоқтатады.

Әрине, мұндай әрекет биліктің назарынан тыс қалмай, үкімет ержүрек Люді марапаттады.

Кейінірек белгілі болғандай, жүк көлігінен түскен жүргізуші оны қол тежегішіне қоюды ұмытып кеткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815574-zdiginen-zrip-ketken-klikti-toktatkan-zelaak-zelide-zldyz-boldy/

pixel