RU
Жұлдыз Өмірғали қалыңдық көйлегін киіп, дүркіретіп той жасауға ниетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдыз Өмірғали қалыңдық көйлегін киіп, дүркіретіп той жасауға ниетті

Рассказать Вконтакте

Айқын Төлепбергенге екі перзент сыйлаған Жұлдыз Өмірғали енді қалыңдық көйлегін киіп, дүркіретіп үйлену тойын жасауды армандап жүр. "Кешьюдің" бұрынғы әншісінің сөзінше, жұлдызды отағасы үлкен той міндетті түрде болатынына уәде берген деп жазады НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шығармашылығы мен үй шаруасын қатар алып жүрген Жұлдыз Өмірғали сүйіктісінің сөзінде тұратынына кәміл сенімді. Ол үйлену тойының боларынан ешқашан үміт үзбегенін жеткізді.

"Некемізді өзіміз тіркей салдық. Бірақ үйлену тойын жасамай тұра тұрайық деп шештік. Кейін балаларымызбен жасаймыз деп айтқан болатын. Біз той жасамаған болатынбыз. Бірақ, жоспарда бар. Келесі жылы болып қалуы да мүмкін" , - деп ағынан жарылды екі баланың анасы.

Айта кетейік, жұлдызды жұп Cанжар мен Айя есімді екі баланы тәрбилеп отыр. Бұл - Айқын Төлепберген үшін екінші неке. Әншінің бірінші некесінде де бір ұл, бір қызы бар.

Сіздің реакцияңыз
8
0
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel