Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалыңдық гүлін жеп қойған бұғы жас жұбайлардың көңілін көтерді (фото)

Опубликовано:

Американың Мичиган штатының тұрғындары Морган мен Люк Макли үйлену тойлары кезінде әдемі фототүсірілім жасамақ болған. Алайда күтпеген жерден фотосессияға қосылған бұғы қалыңдықтың гүл шоғын жеп қойыпты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Морган мен Люк бірнеше сағат бұрын шаңырақ көтерген. Қуанышты сәтті мәңгі есте қалдыру үшін олар аранйы фототүсірілім жасауды ойластырады.

Осы мақсатта ғашықтар фотографпен бірге ауылдық жерге барады.

Фото: 120.su
Фото: 120.su: UGC

Бір кезде күтпеген жерден фотосессияға бұғы да қосылған.

Ол қоршаудан басын сұғып, ерлі-зайыптыларға қарап тұрыпты. Алайда оны қалыңдық пен жігіттің киімі емес, Морган ұстап тұрған гүл қызықтырған.

Нәтижесінде той фотосессиясы ерлі-зайыптылар ойлағаннан да ерекше болып шыққан. Ал Морган қалыңдық гүлін жаңа танысына беріп, оны бір қуантқан екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1815582-kalydyk-glin-zep-kojgan-bgy-zas-zbajlardy-kilin-kterdi-foto/

pixel