Выйти
RU

Бір жасар сәбидің көліктен түсіп қалғанын ата-анасы байқамаған (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үндістандағы Керале қаласында болған жағдай желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Жантүршігерлік видеодан кішкентай сәбидің көліктен құлап қалғанын көруге болады деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Кадрда көліктің өтіп кетіп, артынша жол жүру бөлігінде кішкентай сәбидің еңбектеп жүргені бейнеленген.

Белгілі болғандай, бір жасар қыз көлік қозғалып келе жатқанда ішінен құлап түсіпті. Алайда мұны ешкім байқамаған.

Хабарланғандай, бүлдіршін зардап шекпепті. Ол кейіннен ата-анасымен қайта қауышқан.

Желідегілер аталған оқиғаға қатысты түрлі пікір жазып жатты.

Олардың басым бөлігі баланың ата-анасына назар аудару керек екенін жарыса жазуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір жасар сәбидің көліктен түсіп қалғанын ата-анасы байқамаған (видео)