RU
Өскемен қарша жауған ірі бұршақтың астында қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өскемен қарша жауған ірі бұршақтың астында қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде бүгін табиғат тосынсый көрсетіп, қала қарша бораған бұршақтың астында қалды. Бір қызығы, бұршақ тек қаланың кей бөлігіне ғана жауған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Нөсер жауын мен ірі бұршақтың жауған видеосы Instagram-дағы yk1kz парақшасында пайда болды.

Онда нөсерлете жауған бұршақтың ірі екенін анық көруге болады.

Жазба авторы бұршақ тек қаланың кей өңірлерінде жауғанын жазған.

"Өскемендегі "Қазгидромет" ауданында бұршақ жауды. Ол түс уақытында кенеттен басталды... Бір қызығы шаһардың кей аудандарында дәл осы уақытта күн бұлтсыз болды...", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары мезгілсіз бұршаққа таң қалған.

Олар "Бізде тек жаңбыр жауды", "Қызық, біз жаққа бір тамшы да тамбады", "Күздің соңғы жылы күндері бұршақ жауса несі айып?" деген пікірлерін жарыса жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel