RU
"Сенгім келмейді": Парвиз Назаровтың жанұясы қара жамылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Сенгім келмейді": Парвиз Назаровтың жанұясы қара жамылды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Парвиз Назарывтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің әжесі қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды әншінің өзі Facebook парақшасында жеткізген. Назаров марқұм болған әжесінің өзі үшін істеген жақсылығын еске алып, оған жантебірентерлік жазба арнады.

"Бүгін менің әжем қайтыс болды. Мен оны Нанек деп атайтынмын. Ол мені туған сәтімнен бастап, бағып-қақты.

Мен оның қасында тұрдым, оның тәрбиесін алдым. Нағыз әжесінің баласы болдым. Ол мені балабақшаға да, мектепке де өзі апарған еді.

Енді ол ортамызда жоқ. Тіпті, сене алар емеспін. Сенгім де келмейді. Ол кеше қасымда еді. Үнемі қасымда болады. Жан-дүнием босап қалды.
Жанымның бір бөлшегін жұлып алғандай сезімдемін. Мен бұл босап қалған орынды қалай толтырарымды да білмеймін" , - деп жазды әнші.

NUR.KZ редакциясы әншіге және оның отбасына қайғыра көңіл айтады.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
16
0
4
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel