RU

Үш жасар баланың өлімі: Әжесі сәбидің аяусыз соққыға жығылғанын ашып айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында қайтыс болған 3 жастағы Максим Гарифулиннің әжесі баланы өлім алдында күдіктінің ұрғанын ашып айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

"Немеремді жаңа ғана жерледік. Оны қайтыс болғанға дейін қатты ұрып-соққан. Максимнің екі қабырғасы сынған. Сарапшылар бетінің тырналғанын, бас сүйектерінің шытынағанын айтты", - деді Максим Гарифулиннің әжесі.

Өлім туралы куәлік берілді.

Баланы анасы және туыстарымен бірге тұрған Бұрма ауылында емес, көрші Жарық ауылында жерлеген.

"Біз бүкіл отбасымызбен бірге қайғырып жатырмыз. Максимге қарау мүмкін емес болатын. Оның беті тырналып, көгерген еді. Қылмыскер баланы аяусыз ұрған", - деді Гүлмира есімді ауыл тұрғыны.

Еске сала кетсек, бала ұрлығы мен өліміне күдікті азамат қыркүйектің 8-інен 9-ына қараған түні Қарағандыда вокзалда ұсталды.

Оның кісі өлтіргені үшін сотты болып, жазаны толық өтемей, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны анықталды.

Пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты жазаны ауыстыру заңдылығын және бостандықта болған кезеңде оны қадағалау сапасын анықтау фактісі бойынша қызметтік тергеу басталды.

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты кісі өлтірушіге әрі баланың өліміне күдікті азаматты неліктен 2 жыл және 1 күн УК-161/4 орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеуге мүміндік бермей, мерзімінен бұрын босатып жібергенін түсіндірді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үш жасар баланың өлімі: Әжесі сәбидің аяусыз соққыға жығылғанын ашып айтты
Mailfire view pixel