Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанды жаулап алмайды: Ертісбаев "қытайлық қауіп" туралы айтты

Опубликовано:

Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, сондай-ақ Қазақстанның Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елшісі Ермұхамет Ертісбаев Президенттің Қытайға сапары қарсаңында "Казахстанская правда" газетіне сұхбат берді. Ол екі ел арасындағы қатынас пен ынтымақтастыққа байланысқа пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ермұхамет Ертісбаев. Фото: msu.by
Ермұхамет Ертісбаев. Фото: msu.by: Facebook

Ертісбаев елімізде "қытайдан қорқатын", "қытай экспансиясынан" қауіптенетін, державамен байланысты үзуді көздейтін адамдар тобы барын атап өтті.

Сондай-ақ, ол қауіптенуге негіз жоқ екенін жеткізді.

"Қытайдың жоспарында Қазақстан қандай орын алады (егер ондай бар болса, әрине?) Кейбіреулер айтып жатқандай, әсіресе қазақстандық патриоттардың пікірінше экспансия ма?

Экспансия - бұл сыртқы саяси аумақтар мен нарықты басып алу үшін өзінің саяси және экономикалық әсерін басқа елдерге тарату саясаты.

Қытай Қазақстанның жерін басып алды, басып алады немесе басып алмақшы? Жауап біреу: болған жоқ, болмайды және ол ешқашан болмайды.
Қытай Қазақстан территориясын не басқа мемлекетті қандай жағдай болмасын, басып алғалы жатқан жоқ", - деді Ертісбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815678-kazakstandy-zaulap-almajdy-ertisbaev-kytajlyk-kauip-turaly-ajtty/

pixel