RU

Дауылдық ескерту: Алдағы күндері Шығыста қар жауады деп күтілуде

Синоптиктер 11-12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында қар жауатынын айтуда. Тағы Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды деп жазады "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

11 қыркүйекте ШҚО-да арты жабысқақ қарға ұласатын мол жаңбыр жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қыркүйекте Өскеменде де найзағай мен қатты жел болады.

Семей қаласында да осындай жаңбырлы ауа райы, ұйытқыған жел мен найзағай болжануда.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында да 11 қыркүйек күні ұйытқыған жел күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1815682-dabyldy-eskertu-aldagy-knderi-sygysta-kar-zauady.html