RU

Түркістанда жарылыстың соңы ірі өртке ұласты (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

Бүгін Түркістан қаласында жарылыс болып, артынан ірі өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат жеті шамасында Саттарханов көшесі бойындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында газ баллондарын тасымалдайтын "ЗИЛ" автокөлігі өртенген.

Салдарынан баллондардың бірі жарылған.

Жарылыстан кейін өрт алдын-ала деректер бойынша 1400 шаршы метрді құрайтын қонақ үйдің шатырына тараған.

Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Тілсіз жаумен күресуге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 70 адам мен 14 техника бірлігі жұмылдырылған.

Полиция қызметкерлері ғимарат аумағын қоршауға алды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК: UGC

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Түркістанда жарылыстың соңы ірі өртке ұласты (фото, видео)