RU
Түркістан қаласындағы жарылыс: Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Түркістан қаласындағы жарылыс: Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Түркістан қаласындағы "ROYAL GRAND HOTEL" қонақ үйінің аумағында болған жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалған. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК. Коллаж NUR.KZ

Оқиға орнынан фото: ҚР ІІМ ТЖК. Коллаж NUR.KZ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, өрттің шығуына газ цистернасының жарылуы себеп болған.

"Бекзат Саттарханов көшесіндегі қонақ үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 18:05-те келіп түскен. Оқиға орнына келген кезде қонақ үйдің шатыры жалындап, ғимараттың бірінші қабатының оң жақ беті жанып жатқаны анықталды.
Сонымен қатар, қонақ үйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру кезінде газ тасымалдайтын автокөліктің жарылғаны мәлім болды. Өртті сөндіруге 17 техника мен 75 адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза болғандар анықталған жоқ", - дейді Нұрғали Жүнісов.

Сондай-ақ, ведомство басшысы бірнеше адамның күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты қосымша ақпарат кейінірек берілмек.

Әзірге белгілі болғандай, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан.

Сәл кейінірек ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім еткендей, жалынның таралуы 20:00-де тоқтатылып, 20:15-те тілсіз жау толығымен ауыздықталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістандағы қонақ үй аумағында жарылыс соңы өртке ұласқанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel