Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетел жұмысшылары жергілікті мамандардан екі есе көп жалақы алатын болып шықты

Опубликовано:

Қазақстанда еңбек етіп жүрген шетелдік жұмысшылардың жалақысы жергілікті мамандармен салыстырғанда екі есе көп. Шетелдік компанияларда арнайы тексеру жүргізген Бас прокуратура мен еңбек инспекциясы осыны анықтаған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Instagram
"Бас прокуратура мен Еңбек инспекциялары 63 мекемеде тексеру жүргізіп жатыр. Оның 38-інде тексеру аяқталды. Өкінішке қарай, соның 19-ында қазақстандық пен шетелдік азаматтар арасындағы жалақы айырмашылығының 161 фактісі айқындалып отыр", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Телеарнаның хабарлауынша, іс жүзінде шетелдіктерден 4-5 есе кем алып жүргенін қазақстандық жұмысшылар талайдан бері айтып та, тиісті орындарға жазып та жүр.

Ал заң бойынша қызметкерлерге жұмысқа кіргенде ұлты мен азаматтығына қарамастан теңдей жағдай жасалуы тиіс.

Айта кетейік, жуырда Маңғыстауда "М-Техсервис" компаниясының жұмысшылары жалақыларын 65 пайызға көтеру туралы талап қойған еді. Компания басшылығы келісіп хаттамаға қол қойғанымен, іс жүзінде талапты орындамаған.

Қазір бұл мәселемен тиісті министрлік және облыс басшылығы айналысып жатыр. Осы жағдайдан кейін Бас прокуратура мен Еңбек инспекциясы барлық шетелдік компанияларды тексеруге кіріскен болатын.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815719-setel-zmyssylary-zergilikti-mamandardan-eki-ese-kp-zalaky-alatyn-bolyp-sykty/

pixel