RU
Түркістандағы жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістандағы жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Түркістандағы жарылыстан қанша адамның зардап шеккені анықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметінше, өрт сөндірушілер мен тұрғындардан 10 адам зардап шеккен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басқарманың мәліметінше, зардап шеккендердің 7-еуі өрт сөндірушілер. Олар қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер науқастардың түрлі деңгейде күйік шалғанын айтады.

"Ауыр жағдаймен жансақтау бөліміне жатқызылғандар жоқ", - деді ведомстводан.

Ал зардап шегушілердің өзгелері – қала тұрғындары.

Олар "қан қысымының көтерілуі" және "стресс жағдайы" диагноздарымен түскен. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін барлығы үйлеріне қайтарылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан қаласында Саттарханов көшесінде орналасқан "ROYAL GRAND HOTEL" қонақүйінің аумағында жарылыс болып, бірнеше адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel