RU
Нұр-Сұлтанда менингиттен шошыған ата-аналар балаларын мектепке жібермей жатыр

Нұр-Сұлтанда менингиттен шошыған ата-аналар балаларын мектепке жібермей жатыр

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда балабақшада екі бала менингит жұқтырған соң ата-аналар бүлдіршіндерін мектеп пен балабақшаға жіберуден қорқып отыр. Ол білім беру мекемелерінде карантин жариялау қажеттігін айтуда деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Медицина қызметкерлері вирусты менингит өлімге әкелмейтінін түсіндіргенімен, елорда тұрғындары балаларын сабаққа жіберуден үрейленіп отыр.

Астаналық Елена Далиева білім беру мекемелерін ең болмағанда екі күнге жауып, тексеріс жүргізіп, инфекциядан тазалау керек деп есептейді.

Анықталғандай, елордада тағы бір бала- сегізінші сынып оқушысы ауырып қалған. Сол себепті, аталған мектеп оқушыларының ата-анасы балаларын мектепке жіберуден бас тартқан.

Ал педагогтар ауырған бала оқыған сынып екі аптаға карантинге жабылғанын айтуда.

Уайымдаған ата-аналардың үрейін сейілту мақсатында мектепке жергілікті аурухана дәрігерлерінің бірі шақырылған. Ол вирусты инфекция мезгілді сипатқа ие екенін, сондықтан мектепті жабуға болмайтынын түсіндірген.

Айта кетейік, осыған дейін елордадағы балабақшада екі бала менингитпен ауырып қалды. Алайда, мекеме жұмысын штатты режимде жалғастырды.

Тәрбиешілердің айтуынша, балалар балабақшадан тыс ауырған.

Мектепке дейінгі мекеменің әдіскері баланың бірі вирусты ағасынан жұқтырды деп отыр.

Нұр-Сұлтандық дәрігерлер ата-аналарға уайымдайтын себеп жоқ екенін айтуда.

Дереккөз: Астана телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel