RU
Шымкентте жасөспірімдер қақтығысынан тағы бір бала оқ жарақатын алды

Шымкентте жасөспірімдер қақтығысынан тағы бір бала оқ жарақатын алды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тағы да жасөспірімдер қақтығысып, бір бала жарақат алды. Екі аяғына оқ тиген жеткіншек қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оқиға 8 қыркүйек күні сағат кешкі 21.00 шамасында Алматы тас жолы мен Қ. Төлеметов көшесінің қиылысының алдында орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: oblasti.ru

Көрнекі фото: oblasti.ru

Бір-бірімен араз болып қалған екі тарап жасөспірімдер Шымкенттегі Самал-3 шағынауданындағы бұрынғы қоқыс төгетін жерде кездеспек боп келіскен.

Жарақаттанған бала қасындағы танысы екеуі белгіленген жерге келген кезде екінші жақтан "Фольксваген" көлігіне мініп келгендер қарудан оқ атқан.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір осы жайт бойынша тергеу барысында кәмелетке толмаған бес жасөспірім анықталған. Олардың екеуі құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында қамауға алынған. Қалғандарын ұстау бойынша жедел кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

"Бұл жайт Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай ауданы полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда",-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, күні кеше Шымкентте мектеп оқушыларының қарулы қақтығысынан бір бала жарақат алды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel