RU
Александр Винокуров Бельгияда түрмеге жабылуы мүмкін

Александр Винокуров Бельгияда түрмеге жабылуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Бельгиялық прокуратура сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоз Александр Винокуров пен Александр Колобневке жарты жыл абақты сұрады. Үкім шығатын уақыт белгіленді деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Спортшылар 2010 жылы өткен "Льеж - Бастонь - Льеж" жарысы кезінде сөз байласты деп айыпталуда.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы оларды алты айға қамауға алуды, сондай - ақ Винокуровқа 100 мың еуро, ал Колобневке 50 мың еуро айыппұл салуды және оның банктегі шотынан 150 мың еуроды тәркілеуді талап етті.

Льеж соты (Бельгия) үкім 8 қазанда оқылатынын хабарлады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық ресейлік спортшыға мәреде жеңілгені үшін 150 мың еуро төлегенін хабарлаған болатын. Алайда, екі спортшы да бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Колобнев мансабын 2017 жылдың басында аяқтады. Ал Винокуров қазір "Астана"велокомандасының бас менеджері.

Жақында Александр Француз Ниццасындағы Ironman 70.3-те жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel