RU
18+: Жыныстық тақырыпта елге кеңес берген хиджабтағы әйел желіні шулатты (видео)

18+: Жыныстық тақырыпта елге кеңес берген хиджабтағы әйел желіні шулатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта желіде жабық тақырыпта сөз қозғайтын жобалар көбейіп жатыр. Онда көпшілік күнделікті өмірде талқылауға қымсынатын мәселелер ашық айтылуда. Жақында ғаламторда сол тақырып аясында әңгіме өрбіткен келіншектің видеосы тарады. Бір ерекшелігі - интимді сауалдарға жауап берген әйел хиджаб оранған хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қынапты тарылтуға қатысты бірнеше кеңес берген келіншек Алина Шадинова есімді блогер болып шықты.

Интимді гимнастиканы үйрететін сексолог өз парақшасында тек қана әйелдерге жауап береді екен.

Намазхан бикеш, тіпті, түрлі жаттығуларды көрсететін курс жүргізуді де қолға алыпты.

Желіде әйелдердің жыныстық сауатын ашуға көмектесіп жүрген Шадинованы жерден алып, жерге салғандардың саны көп. Олар орамал жамылып, намазға жығылған әйелдің жабық тақырыпта әңгіме қозғағанына наразы.

"Ұят, масқара", "Айтып тұрғаның не сұмдық", "Сырты бүтін, іші түтін", "Құран мен Алланы қоспа", "Ақша істеу", "Бұл тақырыпты айтудың қажеті жоқ", "Күнәһар пенде", "Өтірк хиджаб киме", "Көргім келмей отыр", "Айналайын-ау, не айтып кеттің" , "Намаз оқимын дейді, жасанды болмашы", "Ақша табу үшін ұятты ұмыттың" , "Ұялып кеттім" деп ашуланды олар.

Көпшілік қатарынан интимді мәселені ашық айтқан әйелді қолдағандар да табылды.

"Керемет, пайдалы нәрсе айтып жатырсыз", "Иә, бізде жыныстық сауаттылық жоқ", "Әйелдер үшін өте маңызды", "Сабағыңыз ұнады" деді кейбіреулер.

Сіздің реакцияңыз
37
4
4
3
2
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel