RU
Қытайдағы сапар: Тоқаев баяндамаларын қазақ тілінде жасауда (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қытайдағы сапар: Тоқаев баяндамаларын қазақ тілінде жасауда (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік іссапары барысында баяндамаларын қазақ тілінде жасап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасныда мәлімдеді.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.
Атап айтсақ, мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады", - деп жазды Президент өкілі.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel