RU
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы істің неге созылып кеткенін айтты

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы істің неге созылып кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы істің мән-жайын айтты деп жазады Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот залы. Фото: ҚР СІМ. Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: әлеуметтік желі

Сот залы. Фото: ҚР СІМ. Ақжарқын Тұрлыбай. Фото: әлеуметтік желі

Сұңқар Нұрмағамбетов Қазақстанның құқық қорғау орындары Тұрлыбайды Нигериялық жалдаушылардың құрбаны болды деп есептемейтінін хабарлады. Осының салдарынан Қытайда істің қаралуы созылып жатыр.

Ақжарқын Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Бойжеткенді Малайзияға брендті киім өткізуге көндірген, алайда сөмкеден есірткі табылған.

ҚР ҚК 71-бабына сәйкес қылмыстық іс барысында моральдық, физикалық немесе мүліктік залал келтірілсе, адам жәбірленуші ретінде танылуы мүмкін.

"Ақжарқын есірткі тасымалдап жүргенін білмеген, яғни қылмыстық ниеті жоқ, оны Нигериялық азамет пен Тұрлыбайдың түсініктемелерінен көруге болады", - дейді адвокат.
Бұдан бөлек, 30-дана астам адам, оның ішінде қазақстандықтар да бар, трансұлттық есірткі тасымалдау тобының құрбаны болған.

Егер Тұрлыбай Қазақстан аумағында жәбірленуші дәрежесін ала алса, онда ол Қытайдағы сот процесінде өзінің құқығын қорғай алады. Адвокат СІМ-мен бірге Тұрлыбайды жәбірленуші деп тану туралы өтініштер жазғанын, бірақ Тергеу комитеті өтініштерді елемей немесе оларды қанағаттандырудан бас тартқанын жеткізді.

ҚР ІІМ 2014 жылы Нигерия азаматына қатысты ҚР ҚК 259-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ күдікті қашып жүргендіктен, оны іздеуге байланысты мерзім тоқтатылған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel