RU
Елімізде педофилдер мен азғындар өлім жазасына кесілуі мүмкін бе? (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде педофилдер мен азғындар өлім жазасына кесілуі мүмкін бе? (видео)

Рассказать Вконтакте

Парламент сенаты депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстандағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы мәлімдеме жасады. Оның ойынша, қылмыс жасаған тұлғалар өлім жазасына кесілу керек. Бұл туралы жоғары палатаның сайтында жарияланған депутат мәлімдемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мұрат Бақтиярұлы. Фото: Видеодан кадр

Мұрат Бақтиярұлы. Фото: Видеодан кадр

"Әйелге зорлық-зомбылық көрсету, әйел зорлау, әсіресе жас балаларды зорлау, болмаса балаларды, адамды ұрлап алу мәселелері ауыр қылмыстардың қатарына жататын қылмыстардың бірі. Біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, бұларға берілетін жаза әлі де болса жеңілдеу.
Алдыңғы жылдары бір топ сенаторлар осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыстың қатарындағы қылмыстарға өлім жазасын беру туралы айттық. Бірақ, өкінішке орай, қолдау таппады. Сондықтан, мен парламент мүшесі ретінде балаға жасалатын ауыр қылмыстарға, әйелдерге, қыз балаларға жасалатын ауыр қылмыстарға біз өлім жазасын беруіміз керек деп есептеймін",- деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel