Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытбек Смағұл елорда көшелерінің біріне Жошы хан атын беруді ұсынды

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл премьер-министр Асқар Маминге Алтын Орданың 750 жылдығын тойлау аясында қазақ жерінде Ұлы ұлыстың негізін қалаушы Жошы ханның есімін Нұр-Сұлтанның басты көшесіне беруді ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: sauap.org
Фото: sauap.org: Facebook
"2015 жылы Қазақстанда Елбасының бастамасымен Қазақ хандығынң 550 жылдығы кең аталып өтті.
Егер ол Қазақ мемлекетінің бастауы болса, Жошының ұлысы Алтын Орда қазақ халқының қалыптасуында шешуші рөл атқарды. Осы себепті қазақ хандарының ұлы бабасы Жошы ханның құрметіне астанамыздың басты көшелерінің біріне Жошы хан атауын беріп, Үлкен ұлыстың ханына ескерткіш орнатуды ұсынамын.
Бұл біздің ұлттық рухымызды асқақтатып, біздің елдігімізді өзіміздің азаматтарға ғана емес, астанаға келген әрбір қонаққа көрсетеді деп есептеймін", - деді Смағұл.

Ол сондай-ақ, Қарағанды облысында орналасқан Жошы хан кесенесінің жанына да ескерткіш орнатуды, сонымен бірге Жошы хан мен Алаш хан кесенелеріне ауқымды археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815811-bakytbek-smagl-elorda-kselerini-birine-zosy-han-atyn-berudi-syndy/

pixel