Выйти
RU

Анастасия Галееваның өлімі: Сот қылмыскерлерге үкім шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда сот Анастасия Галееваның өліміне кінәлілерге үкім шығарды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сотталғандар. Фото: КТК кадрлары. Анастасия Галеева. Фото: Туыстарының мұрағатынан

Сотталғандар. Фото: КТК кадрлары. Анастасия Галеева. Фото: Туыстарының мұрағатынан

Облыстық соттың баспасөз қызметінде хабарлағандай, 27 жастағы Евгений Степанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жоғары қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.

Ал 25 жастағы Асхат Баржақсин орташа қауіпсздік колониясында төрт жыл жазасын өтейді.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың ақпан айында құрбысына кеткен 22 жастағы Анастасия Галееваның жоғалғаны туралы оның туыстары хабарлаған еді.

Екі айдан кейін бойжеткеннің денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды.

Ал оның жолдастары қыздың табиғи өліммен көз жұмғанын айтып, ақталды. Кейіннен прокурор сотта қыздың қалай өлтірілгенін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Анастасия Галееваның өлімі: Сот қылмыскерлерге үкім шығарды