Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 14 жасар бала үш тәуліктен бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Қарағандыда жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірімді үш тәуліктен бері іздеп жатыр. Бала кезбелігі үшін жатқызылған сауықтыру орталығынан қашып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қарағанды ПД
Фото: Қарағанды ПД: Instagram
"14 жасар Климовский Давид Андреевич «Шанс» сауықтыру орталығынан 9-қыркүейекте сағат 11:38-де шығып кеткен.
Ол қара жейде , қара шолақ шалбар мен сұр аяқ киімде болған. Бойы 150 сантиметрдей, шашы сары түсті", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция жасөспірімді көрген немесе оның мекен-жайын білетін адамдардан Қарағанды қаласының орталық полиция бөлімшесіне немесе 51-06-91, 102 нөмірлеріне хабарласуын өтінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1815828-karagandyda-14-zasar-bala-s-tulikten-beri-tabylmaj-zatyr/

pixel