Выйти
RU

"Отыр": Мәжіліс спикері депутат болған Әлімжановқа ескерту жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның пленарлық отырысында "су жаңа" депутат Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Палатаның дәстүрлі отырысында Нұрлан Әлімжанов Қазақстан халқына ант берді.

Нығматулин барлық депутаттық корпустың атынан актерді жаңа тағайындаумен құттықтады. Алайда, Әлімжанов өз орнынан қозғала қойған жоқ. Спикер актердің бұл әрекетіне ескерту жасады.

"Нұрлан қайда? Тұру керек (сені құттықтаған кезде - ред). Ал біз саған қол шапалақтаймыз. Отыр", - деді ол әріптесіне.

Айта кетейік, "Путь лидера" киноэпопеясында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов бүгін халыққа ант берді. Ол мәжіліс құрамына әлеуметтік-мәдени даму бойынша сайланды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Отыр": Мәжіліс спикері депутат болған Әлімжановқа ескерту жасады