RU
Ипотекалық несиені қалай рәсімдеуге болады?
Жаңалықтар Қоғам

Ипотекалық несиені қалай рәсімдеуге болады?

Рассказать Вконтакте

Баспаналы болу – қарапайым халық үшін әр кезде де өзектілігін жоғалтпайтын басты мәселе. Бүгінгі таңда баспана алудың ең тиімді жолы ипотекалық несие рәсімдеу. Осы орайда Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен іске қосылған "Open Almaty" жобасы баспана алу үшін ипотекалық несиені рәсімдеу жолдарын ұсынады.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несие. Бүгінгі таңда отандық нарықта ипотекалық несие алудың екі жолы бар:

1. Жеке меншік коммерциялық банктерден ипотекалық несие алу;

2. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дан ипотекалық несие рәсімдеу.

Жеке меншік коммерциялық банктерде ипотекалық несиені қалай алуға болады?

Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде ипотекалық несиелеу бағдарламалары бар. Банктердің несие беру шешімдеріне клиенттің төлемақы өтеу қабілеті тікелей әсер етеді.

Ипотекалық несие ай сайынғы төлемді өтеуге және қарыз алушының күнделікті қажеттілігіне жететін тұрақты табысы бар адамға беріледі. Егер сіздің табысыңыз жеткіліксіз болса, қосымша қарыз алушы ретінде туысқаныңызды тартуға болады.

Несие алу үшін сіздің бастапқы жарнаңыз болуы тиіс. Оның мөлшерін банктердің өздері анықтайды. Әдетте ол тұрғын үй бағасының 10-нан 50%-ға дейінгі мөлшерін құрайды.

Банктердің ипотекалық несие арқылы сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қоятын талаптары бар: ол банктер белгілеген жылдан ерте салынбауы, жақсы күйде болуы, кірпіштен/панельден және т.б. тұрғызылуы тиіс.

Ипотекалық несиелеу бағдарламасының барлық талаптарымен және шарттарымен банктердің сайттарында танысуға болады.

Ипотекалық несиені рәсімдеудің негізгі сатылары:

1. Ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін банкке жүгіну керек. Ұсынған мәліметтеріңізге байланысты несие беруші маман сізге қандай сома берілуі мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, бағдарламаның шарттары мен рәсімдеу процесін түсіндіреді.

2. Шарттармен келіссеңіз, банкке өзіңіздің төлемақы өтеу қабілетіңізді растайтын құжаттар жиынтығын, сондай-ақ сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құжаттарын ұсынуыңыз керек.

3. Жылжымайтын мүлікті бағалау үшін оны бағалаушы маман қарайды. Несиеге алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау – бұл қарыз алушы тарапынан төленетін міндетті процедура.

4. Баға шығарылғап, өтінішіңіздің сараптамасы бойынша банктің ішкі процедураларынан өткеннен кейін ол несие комитетінің қарауына жіберіледі.

5. Оның шешімі оң болған жағдайда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын (әдетте, бұл кезде сатушы сіздің бастапқы жарнаңыздың сомасын алады), қарыз алу шартын рәсімдеу керек.

6. Сатып алу-сату шартын Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ХАҚ-ында тіркегеннен кейін, сіз Банкпен тағы да тіркелуі тиіс кепіл шартына қол қоясыз. Жылжымайтын мүкіктің құжаттары несиеңізді өтегенге дейін банкте сақталады.

7. Ақша кепіл шарт тіркелгеннен кейін, банкте ашылған есепшотыңызға аударылады. Одан кейін қаражатты сатушыға бересіз/аударасыз.

Бұл баспана сатып алу үшін ипотекалық қарызды рәсімдеу процесіндегі негізгі сатылар. Бірақ әрбір жағдайа өзгешеліктер болуы мүмкін. Ипотекалық несие рәсімдеудің әр сатысында міндетті түрде банктің несие менеджерімен кеңесіп отырған жөн. Олар сізге толық ақпарат ұсынуға міндетті.

Ипотекалық несие рәсімдеу кезінде неге назар аудару қажет?

1. Мерзімдер. Несие менеджеріңізден өтінішті қарау, қарыз алу және кепіл шарттарын дайындау және рәсімдеу мерзімдерін нақтылап алыңыз. Бұл сіз үшін де, ақшасын тезірек алғысы келетін баспана сатушысы үшін де маңызды.

2. Қосымша шығындар. Қарызды рәсімдеу процесінде бастапқы жарнасын төлеуден басқа, сіз бағалаушының қызметтерін, жылжымайтын мүліктің сақтандырылуын (оны жыл сайын төлеу қажет болуы мүмкін), нотариалдық қызметтерді, сатып алу-сату шартын және кепіл шартын тіркеу қызметтерін, банктің есепшотты ашу және жүргізу, есепшоттан ақшаны алу/аудару комиссияларын (cатушымен есеп айырысу түріне байланысты) төлеуге дайын болу керексіз.

3. Қарыз алу және кепіл келісімдерінің шарттары. Шарттың мәтінін толық оқып шығуға ерінбеңіз және өзіңізге түсініксіз көрінген кез келген мәселені нақтылап алуға қорықпаңыз.

4. Қарыз алу шартында сіздің аты-жөніңіздің, қарыз сомасының және мерзімінің, жабу мөлшерлемесі пайызының, мерзімінен бұрын жабу тәртібінің, ай сайынғы төлемақыны мерзімінен кешіктіргені үшін салынатын айыппұлдар мөлшерінің, төлемақы кестесінің дұрыс болуына назар аударыңыз.

5. Кепіл шартында сіздің аты-жөніңіздің, қарыз сомасы мен мерзімінің, жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы мен техникалық сипаттамаларының, оның бағаланған құнының, жылжымайтын мүлікті сақтандыру шарттарының, қарызды мерзімінен кеш төлеу/қайтармау жағдайындағы жазалау тәртібінің дұрыс көрсетілуіне назар аударыңыз.

6. Қарыз және кепіл шарттарының мазмұнына қойылатын міндетті талаптарды мына жерден оқуға болады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да ипотекалық несиені рәсімдеу

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қорында ипотекалық несиелеу бағдарламасының коммерциялық банктер бағдарламасынан негізгі ерекшелігі – осы банкте жинақтар болған жағдайда несие мөлшерлемесінің басқа банктерге қарағанда айтарлықтай азырақ болуында.

Алайда, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы алдын ала жинақсыз жылжымайтын мүлік алуға ниет білдірушілерге тұрғын үй сомасының 50 пайызын енгізу шартымен аралық қарыз беру қызметі ұсынылады.

Қаражатты жинау және қарыз алу тәртібімен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ сайтында танысуға болады.

Ипотекалық несиені рәсімдеудің негізгі сатылары коммерциялық банктердегі рәсімдеу сатыларына ұқсас.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel