RU
Алматыда ұлын таспен ұрды деп айыпталған әкеге сот үкімі шықты

Алматыда ұлын таспен ұрды деп айыпталған әкеге сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда төрт жарым жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сот қаулысына сәйкес Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен ("Дәрменсіз адамды өлтіруге оқталғаны үшін") және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ер адамның жазасын өтеу мерзімі 2018 жылдың 2 тамызынан, яғни  ұсталған уақыттан бастап есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Асқароғлы өз ұлын өлтірмек болған деп айыпталған.

Тергеу жұмыстарының нұсқасы бойынша, өткен жылдың шілде айында ер адам өз баласын таспен ұрып, оны Брянск пен Одесса көшелерінің бұрышында ессіз күйде тастап, жұмысқа кеткен.

Атап өтейік, о баста баланы көлік қағып кетті деп хабарланған еді. Кейіннен ер адам кінәсін мойындады. Алайда алдын ала тыңдалым кезінде өз сөздерінен бас тартты.

Бұған дейін прокурор баланың әкесін 11 жылға түрмеге тоғытуды сұраған.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel