Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда оқушы мектеп терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

Алматыдағы №80 мектептің оқушысы екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала жедел ауруханаға жеткізіліп, қазір травматология бөлімінде жатыр деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомствоның мәліметінше, оқушы жедел жәрдем бригадасымен хирургия бөліміне шұғыл жеткізілген.

Оған біріккен жарақат, жабық бас-ми жарақаты, кеуде және құрсақ қуысының жарақаты диагнозы қойылған.

Сонымен қатар, баланың екі жағынан да төменгі білек сүйегі сүйекқабы сынған. Оқушы бастапқы кезде жансақтау бөліміне жатқызылса, қазіргі таңда травматология бөліміне ауыстырылды.

Мамандар оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Zakon.kz басылымының хабарлауынша, бала сыныпта жалғыз қалған. Мұғалім есікті жапқан кезде оны байқамай қалған.

Оқушы қорыққанынан терезеден секіріп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815863-almatyda-okusy-mektep-terezesinen-klap-ketti/

pixel