Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнарлан" тобының бұрынғы әншісі шаңырақ көтерді (фото)

Опубликовано:

"Мұнарлан" тобының бұрынғы әншісі Бағлан Жолдасов үйленді. Өнер иесінің тойы Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұбайлардың үйлену тойы 10 қыркүйек күні болды. Әртістің таңдауы Ақбаян есімді аруға түскен.

Бағлан Жолдасовтың қуанышында қазақ эстрадасының жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Дастан Оразбеков, Қайрат Түнтеков, "Заман" тобы, Айбек Байназаров арнайы қонақ болып келген.

Сондай-ақ, тойда жайдарман әлемінің жұлдыздары, "Нысана" театрының әртістері, белгілі режиссер Шапағат Орынбаев бой көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815872-mnarlan-tobyny-bryngy-nsisi-sayrak-kterdi-foto/

pixel